Қазақстандағы Куба елшілігі осы елдің Орталық Азия аймағындағы республикалармен қарым-қатынасына кураторлық жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы Куба елшілігі осы елдің Орталық Азия аймағындағы республикалармен қарым-қатынасына кураторлық жасайды

Қазақстандағы Куба елшілігі осы елдің Орталық Азия аймағындағы республикалармен қарым-қатынасына кураторлық жасайды

Қазақстандағы Куба елшілігі осы елдің Орталық Азия аймағындағы республикалармен қарым-қатынасына куратолық жасайды. Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкіл Блас Набель Перес де Камехо ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесуде хабарлады.

  • 18 Ақпан 2004
  • 592
Фото - Caravan.kz

Куба елшісінің айтуынша, 90-шы жылдардың басынан бері осы елдің Қазақстандағы елшілігінің қызметін Кубаның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі атқарып келді. Ал Блас Набель Перес де Камехо осыдан екі жыл бұрын Қазақстандағы Куба істері жөніндегі сенімді өкіл болып тағайындалды. Елшінің дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты оның орнына елімізге Кубаның төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачо келгелі отыр. Бұрынғы сенімді өкілдің айтуынша, жаңа елші бүгінге дейін Кубаның жеке өкілдігі ашыла қоймаған Орталық Азия аймағындағы республикалармен қарым-қатынасына куратор болады. «Қазақстан республикасындағы Куба елшілігінің мәртебесі мен құзыры біршама арттырылды. Бұл Куба үкіметінің Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасқа беріп отырған айрықша маңызына бір дәлел»,- деді П.Камехо.

Елші сондай-ақ, ҚР парламенті сенатының төрағасымен кездесуде екі ел парламенттері арасындағы қарым-қатынас аясын кеңейту мүмкіндіктері талқыланғанын хабарлады. «Биыл Куба парламентінің төрағасы Рикардо Аларкоп ресми сапармен Қазақстанға келгелі отыр. Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеруге тың серпін беретіні сөзсіз»,- деді елші.
П.Камехоның пайымдауынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Куба арасындағы сауда-экономикалық байланыстар ауқымы нақты әлеуетке сай келмей отыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2002-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 24,3 млн. долларды құраған. Қазақстаннан көбінесе металл және оның өнімдері экспортталса, Кубадан азық-түлік, спиртті және спиртсіз өнімдер, темекі мен сірке суы импортталады. Тараптардың пікірінше, Қазақстан үшін кейбір вакцина түрлері мен дәрілік препараттарды, сондай-ақ, қант шикізатын бірлесе өндіріп импорттау тиімді болмақ.
Ал П.Камехоның пікірінше, өз кезегінде Қазақстан Кубаға ферроқорытпалар мен мұнай өнімдерін экспорттай алады.

Соңғы жаңалықтар