Қазақстандағы лицензия және рұқсат беру жүйесі бизнеске кедергі келтіруде -Қалмырзаев - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы лицензия және рұқсат беру жүйесі бизнеске кедергі келтіруде -Қалмырзаев

Қазақстандағы лицензия және рұқсат беру жүйесі бизнеске кедергі келтіруде -Қалмырзаев

Қазақстандағы лицензия және рұқсат беру жүйесі адамдарды пара беруге итермелеп, бизнеске кедергі келтіруде. Бүгін, 18-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев осындай пікір білдірді.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 677
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Салық және Кеден кодекстері қайта қаралуы тиіс. С.Қалмырзаев сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын нақтылау керек деп санайды, өйткені, еліміздің заңнамалық актілерімізде әзірге бұл тұрғыда нақты ұғым қалыптаспаған.

«2004-жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа байланысты 857 қылмыстық іс қозғалды. Бірақ олардың бәрін парақорлар деп атауға келмейді. Негізінен қызмет бабын асыра пайдалану дерегі жиі кездеседі. Кәсіпкерлерге нақты бостандық беретін сәт жетті»,- дейді Агенттік төрағасы.
ҚР президентінің әкімшілігі төрағасының орынбасары Бауыржан Мұхамеджановтың айтуынша, лицензия және рұқсат беру жүйесіне жазалау және профилактикалық шаралар кешені қажет. «Заңдар тікелей әсері бар заңдар болуы тиіс. Біз саны барған сайын арта түскен заңға бағынышты актілерден бас тартуға тиіспіз»,- дейді президент әкімшілігі жетекшісінің төрағасы.

Перейти к новостям спорта