Қазақстандағы мәслихат депутаттарын сайлауды Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюроның екі өкілі бақылайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мәслихат депутаттарын сайлауды Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюроның екі өкілі бақылайтын болады

Қазақстандағы мәслихат депутаттарын сайлауды Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюроның екі өкілі бақылайтын болады

Осы аптада Венадан Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының негізгі институты болып табылатын Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының екі өкілі келді. Олар Қазақстандағы мәслихат депутаттарының сайлауына бақылаушылық жасайды. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының оңтүстік астанадағы орталығының саяси мәселелер және БАҚ-тар жөніндегі бөлімінің төрайымы Беата Мартин-Розумилович хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 571
Фото - Caravan.kz

Оның айуынша, Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының өкілдері Қазақстанда 20-қыркүйектегі сайлауға дейін екі аптадай аялдайды.

«Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылары жергілікті атқарушы билік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, сондай-ақ, Қазақстанда өкілдіктері бар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған «,- дейді Беата Мартин-Розумилович.
Мәслихат депутаттарын сайлау аяқталғаннан кейін Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылары сайлау процессі туралы өз баяндамаларын жарияламақшы.