Қазақстандағы мемлекеттік материалдық қордың ахуалы мүшкіл - Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттік төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мемлекеттік материалдық қордың ахуалы мүшкіл - Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттік төрағасы

Қазақстандағы мемлекеттік материалдық қордың ахуалы мүшкіл - Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттік төрағасы

"Қазақстандағы мемлекеттік материалдық қордың ахуалы мүшкіл". Бүгін, 21-маусымда мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттік төрағасы Қабидолла Сәрсекенов осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2004
  • 747
Фото - Caravan.kz

«Агенттіктің 1994-2000 жылдар аралығындағы дебиторлық берешегі 6 млрд. теңгеден асады»,- деді Қ.Сәрсекенов. Оның айтуынша, «Кеңес одағы ыдырағаннан бергі 10 жылда мемлекеттік қор бірнеше министрлік пен мекеменің қарамағына көшкендіктен, ондағы материалдық резерв «түгесіле» бастады». Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен, «шағым түсіретін мерзімі бітуіне немесе банкроттыққа ұшырауға байланысты» көптеген борышқорлардың үстінен шағым түсіру немесе сот арқылы берешекті өндіріп алу мүмкін болмай отыр. Қ.Сәрсекеновтың пайымдауынша, «берешекті сот шешімімен өндіріп алудың заңнамалық тетіктері сот үкімін орындатушыларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік бермеудің кесірінен берешек иесі өз активтерін жасырып, өзін банкрот деп жариялайды». «Осындай кәсіпорындардың басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту күткендей нәтиже бермей отыр»,- деді ол. Сондай-ақ, Қ.Сәрсекеновтың пікірінше, «мемлекеттік мүліктің талан-тараж болуына мемлекеттік мекемелер тарапынан мемлекеттік қор мүддесін қорғамау да өзіндік әсер етті». Соның салдарынан, Агенттік басшысының пікірінше, «Қазақстандағы мемлекеттік материалдық қордың ахуалы мүшкілдене түсті». «Әлдекімдер осынау жұмыс бағытын құлатқысы келген болса, онда олар дегеніне жетті дей беріңіздер»,- деді ол.

Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, үстіміздегі жылдың 5 айында Мемлекеттік материалдық қорға 886 млн. теңгенің тауарлары сатып алынды. Ал резервтен 176,5 млн. теңгенің тауарлары таратылды. 2001-жылдың 1-қаңтарымен салыстырғанда 2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен активтер мөлшері 612 млн. теңгеге өсті.

Перейти к новостям спорта