Қазақстандағы мұнай өнімдері рыногына қатысушылар жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мұнай өнімдері рыногына қатысушылар жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды

Қазақстандағы мұнай өнімдері рыногына қатысушылар жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 4-қарашада ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, үш мұнай өңдеу зауыты мен мұнай жеткізуші негізгі компаниялар жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2005
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Ертеңнен бастап біз мұнай өнімдерінің бағасын тамыз айындағы деңгейге қайтадан қайтаруға тиіспіз»,- деп мәлімдеді энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник. «Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудадағы бағасы бірдей тұрақтануға тиіс»,- деп атап өтті ол. Министрдің бағалауынша, бөлшек сауда желісінде АИ-80 маркалы жанармайдың бір литрі 50 теңгеге бағалануға тиіс. «Маржа көлемі 4-5 теңге көлеміне оралуға тиіс. Ал тамыздан бері ол 11 теңгеге дейін көтіріліп кетті»,- деді энергетика министрі.
В.Школьник қазір елімізде жанармай мен дизельдік отынды шетелдерге шығаруға тыйым салынғанын еске салды. Оның айтуынша, биыл қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 11,2-11,3 млн. тонна мұнай өңдейді. Ал былтыр бұл көрсеткіш 9,2 млн. тоннаны құраған.

>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта