Қазақстандағы негізгі діни конфессиялардың жетекшілері Өзбекстандағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптаған бірлескен мәлімдеме қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы негізгі діни конфессиялардың жетекшілері Өзбекстандағы зорлық-зомбылық  әрекеттерді қатаң айыптаған бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстандағы негізгі діни конфессиялардың жетекшілері Өзбекстандағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптаған бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстандағы ислам, православие, католик діні және иудаизм тәрізді негізгі діни конфессиялардың жетекшілері Өзбекстандағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптаған бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бүгін, 1-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жария етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 875
Фото - Caravan.kz

«Соңғы кездері біз түрлі елдер мен халықтардың басына түскен ауыр сынақтарға куәгер болып отырмыз»,- делінген мәлімдемеде. «Биылғы жылдың бастапқы бірнеше айының өзінде Мәскеу метросында, Испания темір жолдарында, Иракта, Индонезияда, ал күні кеше бауырлас Өзбекстан елінде болған жантүршігерлік жауыздық шаралар көптеген адамдарды өлім құштырды». «Құдайдан қорқуды кейінге ысырып тастаған қара ниет ұйымдастырушылардың қолынан түрлі діндерге табынатын жүздеген адам өлімге душар болды»,- деді еліміздегі дін жетекшілері.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «Адамдар арасында өзара сенімсіздік пен өшпенділік, қорқыныш пен ғадауат, дүрдараздық пен дүрбелең туғызуды көздеген лаңкестер Жаратушының атын жалған жамылып, адамзат қолымен жасалатын ең бір ауыр әрі жантүршігерлік күнә — жаналғыштыққа баруда». «Ал адамдықтан ада лаңкестік әрекетті қандай сылтаумен де ақтап алуға болмайды».
«Қазақстанда уағыздалатын түрлі діндер өкілдері — біздер дүниежүзінің қай түкпірінде жасалмасын, адам шошырлық лаңкестік әрекеттерден жазықсыз мерт болған бейкүнә адамдарды өзімізбен ортақ сенімдегі адамдармен бірге аза тұтамыз». «Зорлық-зомбылыққа , соның ішінде дінді саяси мақсатта пайдалануға деген баршамыздың қарсылығымыз бір арнада тоғысады». «Халықаралық лаңкестікпен және экстремизммен күресте күш біріктіру — Жаратушыға жан-тәнімен сенетін барша жамағаттың парызы»,- делінген мәлімдемеде.
Еліміздің діни жетекшілері қазақстандықтарды «лаңкестер мен экстремистерге жалпылдайтын пейілі бұзық адамдардан теріс айналуға, қоғамдағы тұрақтылық пен халық арасындағы ынтымақ-бірліктің берекесін кетіруге, азаматтарды араздыққа азғырушыларға қарсы тұруға» шақырды.
«Біз еліміз азаматтарын отанымыздың гүлденуі, оны мекен ететін түрлі халықтардың бақыты мен тыныштығы үшін бейбіт қатар өмір сүріп, достық сезіммен бел шеше еңбек ету мүмкіндігінен айырмауды тілеп, Жаратушыға дұға арнаймыз»,- делінген мәлімдемеде.
Үндеуге Қазақстан Діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар қажы, Рим Католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пэта, Астана және Алматы митрополиті Мефодий және Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қол қойған.

Соңғы жаңалықтар