Қазақстандағы өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі қаңтар-маусымда 5,8%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі қаңтар-маусымда 5,8%-ға артты

Қазақстандағы өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі қаңтар-маусымда 5,8%-ға артты

Қазақстандағы өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі қаңтар-маусымда 2010-шы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға артты, делінген ҚР статистика агенттігінің хабарында.

  • 11 Шiлде 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Құжатта айтылғандай, тау-кен өндірісі және карьерлерді игеруде өндіріс 4,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде — 8,7%, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауаны салқындату — 6,8%-ға, сумен қамтамасыз ету, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинақтау мен оған бақылау жасау саласында 2,4%-ға артты.

Статагенттік мәліметтерінше, мұнай мен газ конденсатын өндіру 40,3 млн тонна (+3,4%) болып, табиғи газ өндіру 19,9 млрд м3 (+9,2%) болды. Бензинді өндіру1,3 млн тонна (-20,2%) болды.

Феррсқорытпаларды өндіру 0,8 млн тонна (+0,2%), жалпақ илемені өндіру– 1,6 млн тонна (+20,4%), таза мыс – 166,3 мың тонна (-3,5%), цемент – 3,4 млн тонна (+12,6%), электрқуаты – 43,3 млрд кВт/сағ (+3,7%), ұн – 1,7 млн тонна (-8%) болды.

Статистикалық мәліметтер бойынша, тамақ өнімдерінің, сусындар, құрылыс материалдары, машина жасау өнімдерінің, химия және металлургия өнеркәсібі өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Төмендеуі Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді.

Соңғы жаңалықтар