Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

 

  • 24 Сәуiр 2023
  • 348
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 миллиард теңге.

"2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды", — делінген хабарламада.


2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 297 мың адам.