Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 82 805 теңге, базалық зейнетақы — 37 836 теңге", — делінген хабарламада.
1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлердің саны 2 миллион 300 мың.