Қазақстандағы президент орынтағы үшін 5 адам бәсекеге түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы президент орынтағы үшін 5 адам бәсекеге түспек

Қазақстандағы президент орынтағы үшін 5 адам бәсекеге түспек

Қазақстанда үміткерлерді тіркеу сайлауға 40 күн қалғанда, яғни, 2005-жылдың 24-қазанында аяқталды. Сөйтіп, тіркеу мерзімі аяқталған сәттен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол 2005-жылдың 2-желтоқсанында 24 сағатта аяқталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қазан 2005
  • 427
Фото - Caravan.kz



Орталық сайлау комиссиясының 23-қазандағы ақпаратына сәйкес, Қазақстандағы президент орынтағы үшін 5 адам бәсекеге түспек. Атап айтсақ, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жармахан Тұяқбай, Мэлс Елеусізов, Ерасыл Әбілқасымов пен Әлихан Бәйменов додаға қатысады.
Ал Кәрішал Асан, Амантай Асылбек, Жақсыбай Бәзілбаев, Мақсұт Оразай, Өтен Сәлім, Балтабай Рахымжанов, Мекемтас Тілеулесов сынды 7 үміткер Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсырмауға байланысты оларды тіркеуден бас тартылды.
Сонымен бірге өз жақтастарынан қажетті мөлшерде қол жинай алмауға байланысты Уәлихан Қайсаров та тіркеле алмады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент сайлауы 4-желтоқсанға белгіленген.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта