Қазақстандағы ҚХР елшілігі Астанаға қоныс аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ҚХР елшілігі Астанаға қоныс аударды

Қазақстандағы ҚХР елшілігі Астанаға қоныс аударды

Бүгін, 25-сәуірде Астанада Есілдің сол жағалауында Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 972
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің ашлыу салтанатында сөз сөйлеген ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Сяопейдің айтуынша, «Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған да Қытай, алғашқылардың бірі болып Алматыда 1992-жылы өз елшілігін ашқан да Қытай болмақ». Елшінің айтуынша, елшіліктің Астанаға қоныс аударуы «Қазақстанда етене жақын іскерлік байланыстар орнатуға артықша мүмкіндіктер береді. Бұл әсіресе ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында айрықша маңызды болмақ».

Елшіліктің ашылу рәсіміне қатысқан ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев «Қытай үкіметінің бұл шешімі уақытын тапқан әрі сындарлы шешім» екенін атап өтті. Қ.Тоқаев «елшіліктің Астанаға қоныс аударуы екі елдің түрлі саладағы жақындығына түрткі болады» деген Ч.Сяопейдің пікіріне қосылды.
Қытай елшісі осы орайда қазір ҚХР елшілігі ғимарат жалдап отырғанын, алдағы уақытта елшілік қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер мен елшінің резиденциясы бар кешен бой көтеретінін хабарлады. Кешен Жеңіс даңғылында салынады, бірақ, «жоспар-жобаны Астана қалалық әкімшілігі бекітуге тиіс». Ч.Сяопей кешен құрылысын салуға қанша қаржы жұмсалатынын ашып айтпады, бірақ, «Қытай — дамушы ел , сол себепті айтарлықтай қаржы жұмсалмайды» ,- деді. Кешен Қытайдың ұлттық үлгісінде Қытай сәулетшілерінің жобасына сәйкес салынатын болады.

Перейти к новостям спорта