«Бұл — таза коммерциялық сауда-саттық және оны саясиландырудың қажеті жоқ»,- деді елші. «Бұл халықаралық тендер»,- деді ол.
Қазақстандағы ҚХР елшісінің пікірінше, Үндістанның Oil and Natural Gas Corp. (ONGC) компаниясы мен Ресейдің «ЛУКОЙЛ» ААҚ қуатты бәсекелестер болып табылады.
«PetroKazakhstan компаниясын сатып алғаннан кейін біз аталмыш мұнай компаниясының тиімділігін арттыру үшін Қазақстанмен бірлесіп басқаратын боламыз»,- деп атап көрсеткен Чжоу Сяопэй, «ынтымақтастық туралы мәселе тек сауда-саттықтан кейін шешіледі», деді.
PetroKazakhstan акцияларының қазақстандық компанияға қайтадан сатылу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына елші : «бұл жерде аталмыш жоба бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық туралы ғана әңгіме болып отыр», деп атап өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 18-қазанында PetroKazakhstan Inc. компаниясы акционерлерінің арнайы жиналысы Калгари қаласында өтеді. Онда акционерлер компанияны Қытайдың CNPC компаниясының еншілес кәсіпорны — CNPC International Ltd-ге 4,18 млрд. долларға (бір акцияны 55 долларға) сату туралы ұсыныс — келісімге байланысты дауыс береді. Сауда-саттықты мақұлдау үшін акционерлердің 66 проценті дауыс беруі қажет.
Сауда-саттық 2005-жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті