Туристік топтар үшін саяхаттар ұйымдастырумен шұғылданатын қызметкерлер 1330 саяхат ұйымдастырып, оған 244,7 мың турист қатысты. Зерттеуге қатысқан туристік мекемелер жиҺанкездердің сапарынан 20 млн. теңге көлемінде пайда тапты.
2004-жылы елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саны 20-ға жетіп, 2003-жылғымен салыстырғанда 11 процентке өсті. Олардың 10-ы (50%) — мемлекеттік табиғи қорықтар, 8-і (40%) — мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, 2-і (10%) — мемлекеттік табиғи резерваттар.
Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтардың жалпы аумағы 5%-ке өсіп, 3427,1 мың гектарды иемденді. Оның 1118,4 мың гектары, немесе 32,6%-ін орманды алқаптар, 302,4 мың гектары немесе 8,8%-ін су қоймалары алып жатыр. Қазақстанда төтенше қорғаудағы жерлердің жалпы аумағы ел аумағының 1,3 процентін құрайды. Ал Қазақстан Республикасының жалпы аумағы 272490,2 мың гектарға тең.
Қазіргі бар қорық аумақтарында 76,8 мың негізгі және сирек кездесетін жабайы хайуанаттар тіркелген. Олардың өсімі 2003-жылғымен салыстырғанда 19%-ті құрады. Қорықтарда негізінен суырлар, қояндар, еліктер, жайрандар, сібір тауешкілері мекенденеді. Арқарлар, ақбөкендер, жайрандар, құландар, үстірт муфлондары, тянь-шань қоңыр аюлары, жолбарыстар, түркістан ілбістері сақталып қалған.
Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда 296,6 мың негізгі және сирек кездесетін құс түрлері ұя салған. Олардың өсімі 2003-жылғымен салыстырғанда 3,2% болды. Бүркіт түрлері, қарақұстар мен құзғындар, гриф, тау күркетауықтары — ұландар, бөденелер, соның ішінде ителгілер, құмай бүркіттер, бүркіттер мен құзғындардың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген.