Қазақстандағы қырым қанды безгегі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы қырым қанды безгегі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Қазақстандағы қырым қанды безгегі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша қырым қанды безгегінің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты екенін хабарлап отыр.

  • 9 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

«9 маусымдағы жағдай бойынша, республикада қырым қанды безгенін жұқтырудың расталған 4 оқиғасы тіркелді. Атап айтқанда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында — бір-бір факті, Қызылорда облысында екі факті тіркелді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Кеше, 8 маусымда Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Асыл Ата» кәсіпорнының кене шағып алған 15 жұмысшысы ауруханаға түсті. Олардың бәрі ауруханаға жатқызылды, денсаулықтары қалыпты, қазір медициналық бақылауда», — делінген министрліктің баспасөз баянында.

9 маусымдағы жағдай бойынша, облыстардың медициналық мекемелеріне кене шаққан 3 921 адам шағымданған, оның ішінде Жамбыл облысында — 59 адам, Қызылорда облысында — 457 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында — 3 405 адам. Солардың ішінен 206 адам, атап айтқанда Жамбыл облысында — 25 адам, Қызылорда облысында — 107 адам, Оңтүстік Қазақстанда — 74 адам ауруханаға жатып шыққан.

Соңғы жаңалықтар