Қазақстандағы Ресей жылы екі ел арасындағы байланыстарға серпін беруге жәрдемдесті - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы Ресей жылы екі ел арасындағы байланыстарға серпін беруге жәрдемдесті - Н.Назарбаев

Қазақстандағы Ресей жылы екі ел арасындағы байланыстарға серпін беруге жәрдемдесті - Н.Назарбаев

Қазақстандағы Ресей жылы екі ел арасындағы байланыстарға серпін беруге жәрдемдесті. Бүгін, 20-сәуірде Мәскеуде РФ президенті Владимир Путинмен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 2493
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мемлекет басшысы екі елдің мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен сарапшылардың іскерлік консультациялары жиі әрі тиімді өткізіліп тұрады деп атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің отын-энергетика саласындағы әріптестігі табысты дамып келеді. Екі елдің кәсіпкерлік құрылымдары арасындағы және мәдени байланыстар жемісті өрбуде. Ғарыш кеңістігін бірлесе игеру бағытында бірлескен жобалар жүзеге асырыла бастады. Н.Назарбаевтың пікірінше, бұлардың барлығы да екі ел арасында тиімді ынтымақтастықты дамытуға түрткі болатын өзгеше алғышарттарға айналып отыр.
Осыған байланысты Қазақстан президенті еліміз тарапынан айрықша маңыз берілетін мәселелерге Ресей мемлекет басшысының назарын аударды. Солардың бірі екі ел арасындағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу болмақ. Мемлекеттік шекара сызығының 98 проценті былтыр келісілген. Н.Назарбаев мемлекеттік шекара шегін белгілеу жөніндегі бірлескен комиссияны жұмыс тиімділігін арттыруға шақырды. Оның пікірінше, темір жол тасымалы саласындағы тарифтерді келісуді де жеделдету қажет.
Бұл екі мемлекет басшысының В.Путин екінші мерзімге президенттікке сайланғаннан кейінгі алғашқы кездесуі. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «Ресей қазір реформаларды пәрмендендірудің кезекті маңызды кезеңіне ден қойды. Бұған федералдық басқару деңгейіндегі әкімшілік реформалар мен үкіметтің ауысуы дәлел». «Ал Қазақстан президенті Кремль бет түзеген саяси және экономикалық жаңаша бағыт-бағдар туралы «түпнұсқа ақпарат көзінің» өз аузынан есту үшін Мәскеуге келді»,- делінген елшілік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар