Жарияланды: 470

Қазақстандағы Ресей жылын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет - ҚР Елбасы

Бүгін, 23-желтоқсанда Астанада Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяға қатысушыларды "Қазақстандағы Ресей жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз етуге" шақырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірінше, алдағы шараларды "орыс, татар, башқұрт, шешен, ингуш секілді Ресей этникалық отаны боп саналатын " Қазақстандады мекенденген халықтардың мәдениетін жан-жақты дамыту үшін пайдалану қажет. Ресейдегі Қазақстан жылына арналған негізгі шаралар аяқталды, дей келіп президент, оларға Қазақстан халықтарының кіші ассамблеялары белсене қатысты деп атап көрсетті. Осы орайда Елбасы Қазақстан халықтары ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен шаралардың қатарында шекаралас аудандарда өткен халықтар достығы фестивальдері мен Қазақстанға арналған көрмені атады. " Таяуда Мәскеуде өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының күндері жылды қорытындылаған соңғы аккорд іспетті",- деді президент. "Бұл шаралар Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, мемлекеттер арасындағы достық байланыстарды одан әрі бекемдендіруге түрткі болады", -деді мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін