Қазақстандағы РФ елшісі бірыңғай еуразиялық парламент құру мүмкіндігін жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы РФ елшісі бірыңғай еуразиялық парламент құру мүмкіндігін жоққа шығаруда

Қазақстандағы РФ елшісі бірыңғай еуразиялық парламент құру мүмкіндігін жоққа шығаруда

Қазақстандағы РФ елшісі Михаил Бочарниковтің пікірінше, бірыңғай еуразиялық парламент құру туралы әңгіме қозғау жөнсіз нәрсе.

  • 14 Қараша 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы М.Бочарников Алматыда сәрсенбіде «Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және заманауи әлем» деген тақырыпта өткен стол басындағы әңгімеде айтты.

«Мен ұдайы үш мемлекеттің ұлттық парламенттерінің орнын ауыстыра аларлық бірыңғай еуразиялық парламент құруға шақыратын үндеу тасталған, дегенді естіп те жатырмын, оқып та жатырмын. Бұл идеяларды кімнің шығарып отырғандығын білмеймін, бірақ ол туралы әңгіме етудің өзі жөнсіз», деді М.Бочарников. Сонымен қатар, оның пікірінше, болашақта ұлттық парламент депутаттарының топтары енетін еуразиялық парламентаралық ассамблея сияқты құрылым құруға болады, бірақ бұл үрдіс бірте-бірте жүргізілуге тиіс.