«Мен саяси партияларды сайлау алдындағы алашапқын кезінде халықтың тыныштығы туралы да қаперден шығармауға шақырамын»,- деді Н.Назарбаев. «Барлығымыз да бір Қазақстанда тұрып, оның гүлденуі мен дамуын баршамыз да қалайтынымызды естен шығармау дұрыс»,- деп қосты Елбасы. Осыған байланысты президент партияларды өзара күш біріктіріп «даму саясаты, көп ұлтты Қазақстанның гүлденуі мен еліміздегі тұрақтылық» деген біртұтас саясаттың төңірегінде шоғырлануға үндеді. «Бар жоғы үш сөзден тұратын үш бағдарлама болса жетіп жатыр. Бұдан өзге қандай саясат керек?»,- деді Н.Назарбаев.