Қазақстандағы саяси сарапшыларға қатысты мәліметтер жинағын жасау нәтижесі елімізде саясаттану ғылымының төменгі даму деңгейін айғақтап берді- Саяси ғылымдар Қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы саяси сарапшыларға қатысты мәліметтер жинағын жасау нәтижесі елімізде саясаттану ғылымының төменгі даму деңгейін айғақтап берді- Саяси ғылымдар Қауымдастығы

Қазақстандағы саяси сарапшыларға қатысты мәліметтер жинағын жасау нәтижесі елімізде саясаттану ғылымының төменгі даму деңгейін айғақтап берді- Саяси ғылымдар Қауымдастығы

Қазақстандағы саяси сарапшыларға қатысты Ұлттық мәліметтер жинағын жасау қорытындысы елімізде саясаттану ғылымының төменгі даму деңгейін айғақтап берді. Бұл туралы пікірді бүгін, 29-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының басқармалар кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин ортаға салды.

  • 29 Шiлде 2003
  • 1321
Фото - Caravan.kz

Осындай бағаға негіз болған басты критерий ретінде Ерлан Қарин саясаттанушылар арасында кейбір тақырыптар бойынша бір бағытты терең маман иелерінің жоқтығын атады. Мәліметтер базасына қамту үшін саясаттанушыларға таратқан сауалнамада зерттеушілер сыртқы саясаттан бастап қоғамның әлеуметтік өміріне дейінгі бүкіл пунктке жауап беруге тырысқан. Бұл — сарапшылардың қолда бар бүкіл мүмкіндіктермен ақша табуға деген талпынысын айғақтап отыр. Е.Қариннің пікірінше, соның салдарынан зерттеулердің жалпы деңгейі төмендеп, ғылыми еңбектердің зерттеу ауқымы мен тереңдігі зардап шегуде. Бірақ соңғы кезде Алматы мен Астанада сарапшылардың жекелеген тақырыптарға тереңдей үңілу жағдайы байқала бастаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздегі саяси зерттеушілер, талдаушылар мен сарапшылардың Ұлттық мәліметтер жинағын жасау жобасы Қазақстандық зерттеушілердің мерзімді жаңаланып отыратын реестрін жасауға бағытталады. Соның нәтижесінде еліміздегі ғылыми және сараптамалық әлеуетті айқындауға, белгілі бір жобалардың талабына сай келетін сарапшыларды іздеуге жұмсалатын шығынды азайтуға, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін қоғамдағы саяси қам-қарекетке кеңінен жұмылдыруға, сарапшылық бағалау дәстүрін қоғамдық диалогтың бір ажырамас бөлшегіне айналдыруға, сарапшылық қызметке деген сенім мен сұранысты арттыруға мүмкіндік жасалады деп межеленген.
Зерттеушілер жөніндегі мәліметтер жинағына әлеуметтік-саяси пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер, талдамалық құрылым қызметкерлері, мемлекеттік құрылымдардағы сарапшылар мен талдаушы мамандар, саяси шолушылар, тәуелсіз саясаттанушылар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қамтылды. Мәліметтер жинағындағы ақпаратты ғылыми-зерттеу институттары, ақпараттық-талдама орталықтары, БАҚ-тар, халықаралық ұйымдар мен қорлар, мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, оқу орындары мен консалтингтік құрылымдар тұтынады деп күтілуде.
Жоба «Еуразия» қорының қолдауымен USAID-тан бөлінген қаржыға жүзеге асырылды. Жобаға бөлінген жалпы қаржы 20 мың долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар