Жарияланды: 1200

Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды

Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды, деп мәлім етті ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«Бүгінгі күні Қазақстанда 35 (мұнай өңдеуші - ҚазТАГ) зауыт бар, оның 3-уі ірі және 32-сі- шағын зауыттар. Шағын-зауыттар бойынша алдағы уақытта оларды мүлдем лицензияламауды заң жүзінде енгіземіз. Олар енді лицензияланбайды», - деді С. Мыңбаев бейсенбі күні сенат депутаттарының сұрақтарына жауап бере отырып. Министр «жалғыз талап (шағын МӨЗ-дерге - ҚазТАГ) – бензин мен дизель отынын, ЖЖМ қазір Еуро-2, кейін Еуро-4,5 стандарттарына сәйкес шығару керек», - деді. «Қазіргі 32 зауыттың біраз бөлігі жұмыс істемейді. Олар қазір Еуро-2 де шығармайды, осылайша 2010 жылдан бастап олардың көбінің өнімдерінің айналымына ішкі нарықта тыйым салынған. Олар негізінен экспортқа кететін жартылай дайын өнім шығарады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін