Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды

Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды

Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары лицензияланбайды, деп мәлім етті ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

  • 16 Маусым 2011
  • 1053
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні Қазақстанда 35 (мұнай өңдеуші — ҚазТАГ) зауыт бар, оның 3-уі ірі және 32-сі- шағын зауыттар. Шағын-зауыттар бойынша алдағы уақытта оларды мүлдем лицензияламауды заң жүзінде енгіземіз. Олар енді лицензияланбайды», — деді С. Мыңбаев бейсенбі күні сенат депутаттарының сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр «жалғыз талап (шағын МӨЗ-дерге — ҚазТАГ) – бензин мен дизель отынын, ЖЖМ қазір Еуро-2, кейін Еуро-4,5 стандарттарына сәйкес шығару керек», — деді.

«Қазіргі 32 зауыттың біраз бөлігі жұмыс істемейді. Олар қазір Еуро-2 де шығармайды, осылайша 2010 жылдан бастап олардың көбінің өнімдерінің айналымына ішкі нарықта тыйым салынған. Олар негізінен экспортқа кететін жартылай дайын өнім шығарады», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар