Қазақстандағы шетел инвесторлары 2016 жылы 104 млн. долларға қосымша 8 жобаны жүзеге асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы шетел инвесторлары 2016 жылы 104 млн. долларға қосымша 8 жобаны жүзеге асырады

Қазақстандағы шетел инвесторлары 2016 жылы 104 млн. долларға қосымша 8 жобаны жүзеге асырады

Қазақстандағы шетел инвесторлары 2016 жылы өңдеуші салада 104 млн. долларға қосымша 8 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда.

  • 7 Желтоқсан 2015
  • 772
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов мәлім етті.

«Дағдарыс кезінде инвесторларды тарту өте қиын. Бірақ біз Қазақстанға ақша құйған инвесторлардың елден кетпеуіне, керісінше, олардың қайта инвестиция салуларына ықпал жасап келеміз, — дейді ол. — Мәселен, 2015 жылы бұрыннан жұмыс жасап жүрген шетел инвесторлары 43 миллион долларға 5 жобаны жүзеге асырды. 260 жұмыс орны ашылды. Олар: BTM Group (Түркия), LG Electronics (Оңтүстік Корея), Galaksi Group (Түркия), Lotte Group (Оңтүстік Корея), Danone (Франция)».


Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде өңдеуші салада шамамен 140 шетел инвесторы бар.

«Олар 6 млрд. долларға 150-ден астам жобаны жүзеге асырып, 20 мыңға тарта жұмыс орнын құрып берді», — дейді ол.

«2016 жылы шетел инвесторлары 104 миллион долларға 8 жобаны жүзеге асырмақ. Онда шамамен 360 жұмыс орны ашылады деп күтілуде», — деп атап өтті Қ.Қарманов.

Соңғы жаңалықтар