"Бұл аптада ҚР Премьер-Министрi С. Ахметов Әдiлет министрлiгiнде алқа мәжiлiсiнiң жұмысына қатысады. 12 ақпанда Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң алқа отырысы өтедi. Сонымен қатар 11 ақпанда Серiк Ахметовтiң төрағалығымен өтетiн Үкiмет отырысында өңiрлiк театрлардың көкейтестi мәселелерi қарастырылады. Елiмiздегі театрлардың бүгiнi мен ертеңi жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ облыс әкiмдерi мен Алматы және Астана қаларының әкiмдерi баяндайтын болады", — деп атап өттi ол.