Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы мемлекет басшысына БАҚ-тар үшін жеңілдетілген салық тәртібін сақтап қалу туралы өтініш жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы мемлекет басшысына БАҚ-тар үшін жеңілдетілген салық тәртібін сақтап қалу туралы өтініш жолдады

Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы мемлекет басшысына БАҚ-тар үшін жеңілдетілген салық тәртібін сақтап қалу туралы өтініш жолдады

Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы Елбасы, парламент және үкіметтің атына өтініш жолдап, онда БАҚ-тар үшін Салық Кодексінде заңдастырылған жеңілдетілген салық салу тәртібін 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін сақтап қалуды сұрады. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігіне Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығынан хабарлады.

  • 23 Шiлде 2003
  • 400
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, газет және журнал өнімдерін шығару мен оның айналымын 2001-жылдан бастап қосымша құн салығынан босату , сондай-ақ, электрондық БАҚ-тар үшін нольдік ставкалы Қосымша құн салығын енгізу нәтижесінде елімізде БАҚ-тар саны біршама артты. Атап айтсақ, жаңадан құрылған БАҚ-тар саны 20 процентке, республикалық басылымдардың таралымы 150 процентке дейін артып, телеарналар мен радиолардағы өзіндік бағдарламалар көлемі ұлғайды.

Алайда, қалыптаса бастаған мұндай оңды ағымдар «Салық және басқа да бюджетке міндетті түсімдер туралы» ҚР Кодексін күшіне ендіру туралы» ҚР заңына сәйкес 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап жоғарыда аталған баптар күшін жойғанда жалғасын таппай қалуы ықтимал.
Бұқаралық Ақпарат құралдары үшін жеңілдетілген салық тәртібін қолдану отандық медиа-рынокты экономикалық қолдауға бағытталған халықаралық тәжірибеге сәйкес болумен бірге, ел іші мен шетелдерде мемлекетіміздің жоғары беделін қалыптастыруға түрткі болатыны сөзсіз.
Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес телерадиохабарларын таратушылардың кәсіби қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қауымдастыққа барлығы 47 БАҚ, соның ішінде еліміздегі барлық аймақтардан 43 телерадиокомпания біріккен.

Соңғы жаңалықтар