Қазақстандағы төрт партия парламент мәжілісіндегі орындар санын 150-ге, ал партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын 75-ке жеткізуге шақыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы төрт партия парламент мәжілісіндегі орындар санын 150-ге, ал партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын 75-ке жеткізуге шақыруда

Қазақстандағы төрт партия парламент мәжілісіндегі орындар санын 150-ге, ал партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын 75-ке жеткізуге шақыруда

"Ақжол", "Ауыл", "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және Қазақстан Коммунистік партиясы сынды еліміздегі төрт саяси партия парламент мәжілісіндегі орындар санын 150-ге, ал партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын 75-ке жеткізуге шақыруда. Бұл туралы саяси бірлестіктердің Елбасының атына жолдаған бірлескен мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2004
  • 1277
Фото - Caravan.kz

Партия өкілдерінің атап көрсетуінше, республика Ата заңына сәйкес «саяси партиялар парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша сайлану үшін тек 10 мандатқа ғана кандидат ұсына алады». Ал қазір еліміздің миллионға жуық азаматы «саяси партияларға мүшелікке өтті. Осынау саяси партиялардың бағдарламасы экономикалық жоғары дамыған, демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қояды». Сондай-ақ, «жаңадан тағы да бірнеше саяси партия құрылды».

«Осындай жағдайда ҚР Конституциясына парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын жалпы палата депутаттары санының тең жартысына дейін жеткізуді қарастыратын өзгеріс енгізу қажеттігі туындап отыр»,- дейді саясаткерлер.
Олардың пікірінше, «мұндай квота парламентте халықтың түрлі әлеуметтік топтарының, түрлі саяси көзқарастардың өкілеттілік алуына жағдай жасап, республикадағы идеологиялық және саяси әр алуандық туралы Ата заң принциптерін нақты мазмұнмен байытады». «Ол сондай-ақ, мемлекеттіліктің нығаю, саяси жүйенің тұрақтылығын арттыру факторына айналады».
Жолдауда мәжіліс депутаттарының санын 150 адамға жеткізу жөніндегі үндеу жарияланған. Мұндай қадам «парламенттің заң шығару жұмысының сапасын арттырып, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының тиімділігін арттырумен бірге мемлекеттің одан әрі даму және тұрақтылық факторына айналады».
Бұған дейін парламенттегі саяси партиялардың орын санын арттыру туралы бастаманы Қазақстанның Орталық Азиялық саяси зерттеулер агенттігі көтерген болатын. Агенттік төрағасы Ерлан Қариннің пікірінше, парламенттегі орындар санын екі есе, яғни, 134 орынға дейін , ал партиялық тізім бойынша сайланушы депутаттар санын 67-ге дейін арттыру орынды. Саясаттанушының пікірінше, саяси партиялар үшін парламенттегі қазіргі орын санын сақтап қалу «орын санының тым аздығына байланысты саяси партиялар арасында бітіспес күрестің туындауына апарып соғуы ықтимал. Күрес күшейген сайын ставка да арта түсетіні сөзсіз». «Мұндай ахуал партияаралық диалогқа, Қазақстандағы саяси партиялар арасындағы топтастықты нығайтуға, өзара мәмілеге келуге үлкен қатер төндіруі мүмкін».