«Республикамызда демократия мен азаматтық қоғамды одан әрі дамыту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында билікпен ынтымақтастыққа дайын екенін білдіре отырып, Қазақстанның азаматтық альянсы былай деп мәлімдейді: өркениетті дамудың ресурсы мен кепілдігі ретінде азаматтық бастамаларға қолдау көрсетілген жағдайда, билік, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес арасында тең құқылы әрі конструктивті ынтымақтастық орнаған жағдайда, сан-салалы әлеуметтік мүдделер қалыптасып, оларды жүзеге асыруға жағдайлар жасалғанда ғана қоғамды еркін деп санауға болады»,- делінген мәлімдемеде.
Форумға қатысушылар : «Қазақстан таңдап алған жолдың дұрыстығына сенімдіміз және азаматтық қоғам институттарын жүйелі дамытуды қолдаймыз» деп мәлімдеді. «Біз бірізді әлеуметтік саясат жүргізіп отырған Елбасына ризашылық білдіреміз»,- делінген мәлімдемеде.
Форумға қатысушылар сонымен бірге Қазақстандағы қоғамдық мәдениеттің бір құрамдас бөлігі ретінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне, қайырымдылық пен филантропияға жағдай жасау қажеттігін атап көрсетті. «Демократиялық құндылықтар, әлеуметтік бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке басымдық берілген мемлекеттің гүлденуі — барлығымыз жабыла тындыратын іс»,- делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті