Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Өкімімен елорда төрінде бой көтеріп жатқан "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директорын, ҚР Парламенті Сенатының 2 депутатын және ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісін тағайындады.

  • 3 Қараша 2012
  • 447
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ өңірлерде бірқатар ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат осы апта ішінде республикада орын алған кадрлық ауыс-түйістерге шолу жасайды.

Сонымен жоғарыда аталған театрдың директоры қызметіне бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған Төлеген Мұхамеджанов келді. 1948 жылғы 27 шілдеде дүниеге келген ол Н.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі, композитор, музыкалық-теориялық пәндердің оқытушысы. Өнертану профессоры. М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесінің оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера-балет театрының директоры, «Азия дауысы» халықаралық конкурсы біріккен дирекциясының бас директоры, «Мәдениет жолымен бейбітшілікке» Халықаралық Ассоциациясы Қазақ бөлімінің, «Рухани келісім конгресі» Халықарлық қоғамдық Қорының президенті, Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты болып сайланған. «Парасат» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, төрт медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Елбасы Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Экономика және құқық университетін бітірген. 2003 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары, «ҚазМұнайТеңіз» МҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы, ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Сенат депутаты қызметіне кіріскен Серік Нөгербекұлы Нөгербеков 1962 жылы 8 қыркүйекте Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы қаласында туған. Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Орал мемлекеттік экономикалық университетінің (РФ) құрметті профессоры. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Халықаралық менеджмент академиясының мүшесі-корреспонденті. 48 ғылыми жарияланымның және 3 монографияның авторы. «Аймақаралық клиринг палатасы» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бастығы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры, «Еснұр және К» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті қызметтерін атқарған. 2009 жылдың маусым айынан ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ресейлік «Жыл менеджері-2008» байқауының жеңімпазы.

Келесі сенатор Владимир Яковлевич Бобров 1953 жылы дүниеге келген. Павлодар Индустриалдық институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент. Ұзақ жылдар бойы білім саласныда жұмыс істеген ол кейіннен бизнес саласына ауысқан. 2004 жылдан бастап екі мәрте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Ал 2012 жылдың қаңтарынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы болған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Энергетика саласына арналған 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.

ҚР Үкіметі қаулысымен Егемберді Ерғали Қуандықұлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 1977 жылы Шымкент қаласында туған ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. 2003 жылдан «Афдан» ААҚ-ның қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті, Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ осы апта ішінде өңірлерде де кадрлық өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметіне Қандарбек Бақтыгереев тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болған.

Ал ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының бастығы болып Нұрлан Шабдар тағайындалды. Н.Шабдар 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты, қаржы полициясының полковнигі. 1996-2003 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2003-2010 жылдары және 2012 жылдың ақпан айынан бастап қаржы полициясының органдарында жұмыс істеді. Сондай-ақ ҚР Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Ал осы агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясының бастығы болып Жанұзақ Сабыржан кірісті. 1966 жылы 7 маусымда дүниеге келген Ж.Сабыржан Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Қаржы полициясы академиясын бітірген. 1997 жылдан Астана қаласының салық органдарында түрлі қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі төрағасының орынбасары болған. Ал жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы болып істеген.

Соңғы жаңалықтар