4 249,5 мың бірлікті құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.
«Жалпы 2015 жылғы қаңтар-ақпанда республикамызда 156 мың 519 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 94,5 пайызға жоғары», — делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, комитеттің деректеріне қарағанда, 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көбі — Алматы қаласына тиесілі — 18 мың 188 бірлік. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы — 17 мың 326, Алматы облысы — 15 мың 978 және Астана қаласы — 13 мың 176 бірлікті құрап отыр.