Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді

Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді

Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиеді. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осылай мәлім етті.

  • 5 Қараша 2012
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Еуразиялық құрылықтың 272 млн. гектарға тең аумағын алып жатыр. Сондай-ақ, жер көлемі бойынша ең ірі 10 мемлекеттің құрамына кіреді. Ал, еліміздің бір тұрғынына шаққанда тиетін жер 17 гектарға тең болса, оның ішінде әрбір тұрғын 1,5 гектар егістік жерімен қамтамасыз етілетінін айта кету керек. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады»,-деді Қ. Отарбаев.

Агенттік төрағасының айтуынша, елімізде жер қорының 7 жер санаты бар. Осының өзі жердің ел экономикасының қай саласында да болса да үлкен әлеуетке ие екендігін білдіреді.

«Осы жерлердің тек 4 санатының бағалау құны 4,5 трлн. теңгені құрайды»,-деді Қ. Отаров.

Соңғы жаңалықтар