Жарияланды: 800

Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы туралы зерттеу қорытындысы жарияланды

Бүгін Алматыда "Greens.kz/Жасылдар" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жоғары оқу орындарының ашықтығы мен есептілігі жоғары білім сапасын көтерудің шынайы талабы" деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр.

Олар онда "Сорос-Қазақстан" қорының қолдаумен 6 аймақтық жастар ұйымдарымен бірлесіп жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысын жариялады. Greens.kz/Жасылдар" қоғамдық қорының директоры Павел Коктышевтің айтуынша, "Жоғары оқу орындарының ашықтығы мен есептілігі жоғары білім сапасын көтерудің шынайы талабы" жобасы ең алдымен ЖОО-ны басқару мен жоғары білім саласын қаржыландыру туралы ақпараттық компания өткізумен қатар, бірқатар мониторингтік және бағалау зерттеулерін орындауға шоғырланады. Онда талдамалық бағытты күшейту және жоғары білімнің нәтижелілігін барынша терең зерттеу мақсатында студенттер, оқытушылар, ЖОО әкімшіліктері, жұмыс берушілер қауымдастықтары және жұмыс жасап жатқан бітірушілер сауалнамаға тартылады. "Сауалнама жүргізу үшін бұл жолы іріктеуге 3 жеке және 9 мемлекеттік жоғары оқу орны қамтылды. Онда аудиторияның әрбір категориясы үшін сауалнаманың 5 түрі құрылды. Ол жоғары оқу орындарын бөлу мен олардың жеке мәселелерін анықтауды алдына мақсат етіп қоймады. Мәселен студенттерге жүргізілген сауалнама 3 бағыттағы сұрақтарды қамтыды. 1-гранттар мен несиелердің берілу ашықтығын зерттеу. 2-оқу үрдісі мен қаржыландыруды басқарудың ашықтығы мен тиімділігі. 3-алынған білім сапсын студенттердің бағалауы", - дейді Павел Коктышев. Оның сөзіне қарағанда, жастар ұйымдарының көзқарасы бойынша жоғары оқу орындарындағы басқаруда ашықтық жоқ. ЖОО әкімшіліктері өз жұмыстарының нәтижелері туралы толық көлемде айта бермейді. Олар туралы ақпарат тек қана буклеттерде көрсетіледі және қаржылық және әкімшілік мәліметтерді құрамайды. ЖОО-лар білімдері мен дағдылары еңбек нарығына сәйкес келмейтін кадрлар дайындайды. Бизнес қауымдастығы негізінен жоғары білім сапасымен қанағаттанбайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін