"Қазақстандағыдай оп-оңай болады деп ойлап едім": Украинадағы орыс сарбазы мен анасының әңгімесі қазақтардың ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандағыдай оп-оңай болады деп ойлап едім": Украинадағы орыс сарбазы мен анасының әңгімесі қазақтардың ашуын келтірді

"Қазақстандағыдай оп-оңай болады деп ойлап едім": Украинадағы орыс сарбазы мен анасының әңгімесі қазақтардың ашуын келтірді

Әлеуметтік желіде Украина жерінде жүрген орыс сарбазының Ресейдегі анасымен телефон арқылы сөйлескен әңгімесі тарады. Мұндай видеолар көптеп тарап жатқаны белгілі. Бірақ бұл диалогтағы сөздер қазақтарды ойлантып тастады.

  • 17 Наурыз 2022
  • 16548
Фото - Caravan.kz

Аталған видеоны Тоқтар Жақаш жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Онда анасы мен баласының төмендегідей сөздері жазылған.

Чернигов қаласын ала алмаған соң деревняда қорғанысқа көштік. Аздап олардың күшін дұрыс бағаламаппыз

— Мен де солай ойлаймын. Мен Қазақстандағыдай оп-оңай бола ма десем, олай емес екен.

— Қалалар бүтін, бомбалауға рұқсат бермей жатыр. 

— Мен тіпті тыныш отырып телевизор көре алмайтын болдым.

— Онда не айтып жатыр екен?

— Ой, ұлым, жаманын да, жақсыны да айтып жатыр.Бірақ бір айқыны сендер туралы ештеңе айтпайды. Түсінесің бе?   

— Пәтерде тұрдық. Бүгін үшінші күн, кетіп қалдық, далада көлікте қонып жатырмыз.

Аталаған сұхбатты көрген көпішілік түрлі пікірлер қалдырды:


"Бұлар не айтып тұр сонда, Қазақстанды әлдеқашан оп-оңай жаулап алған едік, бұл жақта олай болмады дегені ма?", "Не дейді мына әйел, Қазақстанды соғыссыз бағындырғанбыз дегені ма сонда", "Бұл сөздерде үлкен астар бар, бұл Қазақстан ашсақ алақанымызда дегені ғой","Бұлардың біз туралы пікірі сұмдық екен, уже басып алғанбыз дегені ма, жоқ Қазақстан әлдеқашан Ресейге қарайды деп тұр ма, абай болу керек","Болашақта қазақтарды алу оңай болады дегені ғой", деді оқырмандар. 

ВИДЕО https://www.facebook.com/spargapsis/videos/1299547420548754