Қазақстанды 2030-жылға дейін дамыту стратегиясының көрсеткіштері жылдың аяғына дейін қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды 2030-жылға дейін дамыту стратегиясының көрсеткіштері жылдың аяғына дейін қаралады

Қазақстанды 2030-жылға дейін дамыту стратегиясының көрсеткіштері жылдың аяғына дейін қаралады

"Қазақстанды дамытудың 2030-жылға дейінгі стартегиясы" бағдарламалық құжатқа арқау болған басты көрсеткіштерді мемлекет 2005-жылдың аяғына дейін қайтадан қарайды. Бұл туралы бүгін, 5-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда кәсіпкерлермен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 597
Фото - Caravan.kz



Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан экономикасының бағдарламалық деңгейден оза дамуы құжаттағы көрсеткіштерді қайтадан қарауға нақты негіз болып отыр.
«Қазіргі жетістіктерге сәйкес дамудың жаңаша кезеңі басталып, бұрынғыдан да биік міндеттер алға қойылуда»,- деді президент. «Біз ел экономикасыынң ауқымын 2010-жылы екі есе арттыруды көздеген едік. Менің ойымша, біз оған 2007-жылдың аяғында қол жеткізе аламыз»,- деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге Елбасының пікірінше, экономика ауқымын 2015-жылға дейін 3,5 есе өсіру жөніндегі межеге де ертерек қол жеткізіледі.
Қазақстан қазір алға қойып отырған басты мақсат — дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы бәсекелестік қабілетке ие 50 мемлекеттің, сондай-ақ, әлемнің ең алпауыт 20 елінің санатына қосылу екенін еске салды. Елбасы 90-шы жылдардың басында Қазақстан БҰҰ-ына мүше елдердің арасында бәсекелестік қабілеті тұрғысынан 109-шы орында болғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта