Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім республиканың мүддесіне толық сай келеді – Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім республиканың мүддесіне толық сай келеді – Ахметов

Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім республиканың мүддесіне толық сай келеді – Ахметов

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін үкіметте Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісімнің жобасын қарауға арналған кеңес өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Маусым 2006
  • 355
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты құрылған арнаулы жұмыс тобы құжаттың мәтініне қатысты шаруаларды аяқтады.

“Әзербайжан жағы ұсынылған үлгімен танысты. Олар тұжырымдамалық тұрғыда қарсылық білдірген жоқ. Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім еліміздің мүддесіне толық сай келеді”,- деді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісімге ағымдағы жылдың маусым айында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары деңгейіндегі саммитте қол қойылады.

Перейти к новостям спорта