Қазақстанды Батыс Орталық Азия аймағындағы үлгі тұтарлық даму моделі ретінде тануды қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды Батыс Орталық Азия аймағындағы үлгі тұтарлық даму моделі ретінде тануды қалайды

Қазақстанды Батыс Орталық Азия аймағындағы үлгі тұтарлық даму моделі ретінде тануды қалайды

Қазақстанды Батыс әлемі Орталық Азия аймағындағы үлгі тұтарлық даму моделі ретінде тануды қалайды. Бұл туралы Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева жуырда АҚШ-қа жасап қайтқан сапарының қорытындысы туралы түсініктеме беру барысында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Атыраудан.

  • 19 Ақпан 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

ҚЖК төрайымының айтуынша, сапар барысында ол саяси және экономикалық саладағы демократияландыру процессін зерттейтін көптеген демократиялық институттардың өкілдерімен жүздескен. «Көптеген кездесулерге қатысушылар еліміздің даму деңгейіне жоғары баға беріп, еліміздің аймақтағы шын мәнінде жетекші ел екенін атап көрсетті «,- деді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, «елімізде жүзеге асырылып жатқан процесстер туралы АҚШ-та жақсы біледі , әрі мұндағы ахуалды лайықты бағалап отыр».

Д.Назарбаева сондай-ақ, Батыста «мемлекет басшысын айрықша құрмет тұтатынын» атап көрсетті. «Дәл осындай кездесулер өткізуге менің жеке мүмкіндіктерім болғаны рас. Дегенмен, екінші жағынан, менің Назарбаева деген фамилиям мен Елбасына деген құрмет-ілтипаттың жоғарылығы да өзіндік септігін тигізді»,- деді ҚЖК төрайымы. Оның айтуынша, жетекші американдық ұйымдар Қазақстан қоғамын одан әрі демократияландыру процессінің тоқырап қалмауынан мүдделі. Батыстағылар «мұндай мақсатты бір сағат немесе бір түнде жүзеге асыру мүмкін емес екенін түсінеді. Дегенмен, олардың пайымдауынша, белгілі дәрежеде ілгерілеушілік байқалуы тиіс».
Д.Назарбаеваның пікірінше, БАҚ тауқыметтері мен азаматтық қоғамды дамытудағы журналистика ролін тағы бір тәптіштеп алуға мүмкіндік беретін Конгресс жұмысы да елді демократияландыру процессінің ажырамас бір бөлігі болмақ. ҚЖК-нің төрайымы осы орайда Қазақстан журналистерінің бұған дейінгі II конгрессіне қатысушы бір өкілдің баспасөзді халықтың тіліне балаған теңеуін мысалға келтірді. «Осындай тілді кесіп, бізді жолдан тайдырып көріңіздерші. Баспасөз жоқ жерде құқықтық мемлекет, демократия және қоғам мүддесі туралы сөз қозғаудың өзі қиын»,- деп қорытты өз сөзін Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар