"Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заң қабылданды

"Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заң қабылданды

Бүгін, 1-сәуірде өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Республиканы аталмыш келісімге біріктіруде әдеби, ғылыми және көркемдік шығармалар бойынша авторлық құқықты сенімді қорғау жағдайын қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Келісімнің 7-бабы, 1-тармағына сәйкес, авторлар өз шығармалары мен туындыларының түпнұсқасы мен көшірме нұсқаларын көрермен назарына ұсыну үшін коммерциялық прокатқа шығаруға рұқсат беруде ерекше құқыққа ие деп көрсетілген.

Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.