Келісімге сәйкес, тараптар оған қол қоюшы басқа да елдердің азаматтары болып табылатын орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға құжатта қарастырылғандай қорғауға алады. Келісімнің 8-бабы, 1-тармағы бойынша, орындаушы фонограммаға жазылған өз орындауындағы шығармаларды көрермен назарына ұсынуға рұқсат беруде ерекше құқыққа ие. Бұл құқықты ол туындылардың түпнұсқасы мен көшірме нұсқаларын сату немесе меншік құқығын басқаға беру арқылы жүзеге асырады.
Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.