2004-жылы министрліктің бұл бағыттағы жұмыстары айтарлықтай тиімді болды, деді И.Кравченко. «Жыл қорытындысы бойынша тауар айналымы 30 млрд. долларлық межеден асты. Нәтижесінде 2003-жылғымен салыстырғанда тауар айналымы 54 процентке өсіп, бұрын-соңды болмаған өсімге қол жетізілді»,- деді вице-министр.
И.Кравченконың айтуынша, 2004-жылы Қазақстанды Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату жөніндегі жұмыс тобына мүше-елдермен Қазақстандағы нақты ахуал туралы түйіндеменің бірінші және екінші нұсқалары талқыланды. Сөйтіп, жұмыс тобының Қазақстан туралы баяндамасының бастапқы жобасын жасауға кірісу туралы шешім бір дауыстан қолдауға ие болды. Бұл баяндамаға Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі қорытынды міндеттемелері қамтылады. «Бұған қоса Жапония тауар рыногы мен Бразиялияның өнеркәсіп өнімдері рыногына шығу жайында екі жақты келіссөздер аяқталды»,- деді вице-министр. Оның айтуынша, «өнеркәсіп өнімдері бойынша Австралиямен және ауышаруашылық өнімдері бойынша Еуропалық Одақпен арадағы келіссөздер аяқталуға жақын». Сонымен бірге Еуропалық Одақ, Канада, Жапония және Түркия елдерімен жекелеген қызмет түрлері бойынша уағдаластық жасалып, қызмет түрлерінің рыногына шығу жөніндегі келіссөздер бойынша қиындық тудырған мәселелердің саны қысқарды.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде министрліктің алдында жұмыс тобына мүше кейбір елдермен тауар және қызмет түрлері рыногына шығу туралы екі жақты келіссөздерді аяқтау, сондай-ақ, ұлттық заңнамаларды Бүкіләлемдік сауда ұйымының басты талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсаттары тұр.