Қазақстанды өңірлік хаб және ОА өңіріндегі жұмысымыздың орталығы ретінде қарастырамыз - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды өңірлік хаб және ОА өңіріндегі жұмысымыздың орталығы ретінде қарастырамыз

Қазақстанды өңірлік хаб және ОА өңіріндегі жұмысымыздың орталығы ретінде қарастырамыз

Бүгінде біз Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан ел, өңірлік хаб және Орталық Азия өңіріндегі жұмысымыздың орталығы ретінде қарастырамыз.

  • 29 Қазан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесуден кейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Бабатунде Осотимехин мәлім етті.

«Менің сапарымның мақсаты — БҰҰ-ның Тұрғылықты халық қоры мен Қазақстан арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты дамыту», — деп атап өтті ол.

Қазақстан көптеген салаларда оңтайлы нәтижеге қол жеткізгеніне тоқталған ол, осы орайда білім, экономика, денсаулық сақтау салаларындағы жетістіктерді атап өтті.

«Біз сонымен қатар аналар өлімінің төмендеуінде айтарлықтай оң көрсеткішті байқадық. Бұдан бөлек АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының елеулі төмендеуін байқап отырмыз. Атап айтқанда, Қазақстанның жастарға айтарлықтай инвестиция салып жатқанын сөз еттік»,-деді Б. Осотимехин.

Сөз соңында ол Қазақстан өңірлік хабқа айналып келе жатқанын атап өтті. Оның пайымдауынша, ұйым Қазақстанды осы өңірдегі көрші мемлекеттерге көмек көрсетіп, бұдан әрі қарай дами түсетін, өсетін ел ретінде қарастырады.

«Біз осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Осы сапарымның аясындағы кездесулер жемісті болды. Бұл өңірдегі жұмыс аясында Қазақстан орталыққа айналуы тиіс»,-деп түйіндеді Бас хатшының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар