Қазақстанды Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға біріктіру шараларының жоспары 2005-жылдың аяғына дейін жасалады - PPRG директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды Шикізат өнеркәсібінде  жариялылық орнату жөніндегі бастамаға біріктіру шараларының жоспары 2005-жылдың аяғына дейін жасалады - PPRG директоры

Қазақстанды Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға біріктіру шараларының жоспары 2005-жылдың аяғына дейін жасалады - PPRG директоры

Қазақстанды Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға біріктіру шараларының жоспары 2005-жылдың аяғына дейін жасалады. Бүгін, 5-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық проблемаларға талдау жасау орталығының (PPRG) директоры Меруерт Махмұтова осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 659
Фото - Caravan.kz

М.Махмұтова : «жалпы алғанда біз Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға бірігуге әзірлік танытқан үкіметтің шешімін оңды қадам деп қабылдмаймыз»,- деп атап өтті. Оның айтуынша, ашықтық туралы бастаманы елімізде жүзеге асыру үшін дүниежүзінде мойындалған алгоритмге бағыну қажет.

«Үкімет тарапынан жасалған мұндай қадам бір жағынан үкімет мұнайдан түсетін барлық төлемдерді жария етуге дайын , екінші жағынан мұнай компаниялары бюджетке аударатын барлық төлемдерді, соның ішінде салық және түрлі төлемдер түрінде ғана емес, сонымен бірге өзара өнім бөлісу туралы келісімге сәйкес аударатын барлық төлемдерді жария етеді деген сөз»,- деді ол.
М.Махмұтованың пікірінше, бастамаға бірігу барысына » шикізат өндіруші компаниялар, парламент депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік құрылымдар мен ұлттық компаниялар сынды барлық мүдделі тараптар қамтылуға тиіс».
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің : «Қазақстан мұнай өндіруші компаниялардан минералды ресурстарды өндіру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға бірігуін талап етпекші. Бірақ «жұмсақ түрде» қойылатын бұл талаптан әркім бас тарта алады», деген мәлімдемесіне түсініктеме берген М.Махмұтова «қабылдаушы жақ ретінде Қазақстан шарт қоя алады»,- деп мәлімдеді. «Әрине, бастамаға бірігу немесе бірікпеу — әркімнің өз еркіндегі мәселе екені түсінікті. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бірқатар компаниялардың бас кеңселері бұл бастаманы қолдайтынын білдірді»,- деді ол.
М.Махмұтованың айтуынша, бастамаға біріккен компанияларға 2004-жылғы және 2005-жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс қорытындысының есебін жария ету ұсынылған. «Менің пайымдауымша, 5 жыл ішіндегі есептерді жария ету дұрыс болар еді. Мәселен, Нигерияда соңғы 5 жылдағы есептерді ортаға салуға шешім қабылданды. Осындай жағдайда Нигерияның бұл шешімі үлгі тұтарлық»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның минералды ресурстарды өндіру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға бірігетінін 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеген болатын.
Бастаманы жүзеге асыруда Қазақстан Әзербайжанның тәжірибесін пайдаланбақшы. Онда мемлекеттік комиссия мен компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Біз де осындай меморандумның жобасын жасадық. Бұл құжатқа қол қоятын тау-кен саласындағы 13, мұнай және газ өндіруші 48 компания айқындалды. Бұл кәсіпорындар бюджетке аударатын салықтарының көлеміне сәйкес іріктелді»,- деді министр.
Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.
Бастаманың мақсаты — шикізат өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ, табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтері тапқан пайданы жариялы болдыруға қол жеткізу.
Қазіргі жағдаймен бастамаға Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, Жапония, Норвегия, Индонезия, Нидерланды, Нигерия, Әзербайджан, Қырғызстан елдері біріккен.

Перейти к новостям спорта