Қазақстандық 5 төреші бокстан халықаралық деңгейдегі жарыстарда төрелік етуге мүмкіндік алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 5 төреші бокстан халықаралық деңгейдегі жарыстарда төрелік етуге мүмкіндік алды

Қазақстандық 5 төреші бокстан халықаралық деңгейдегі жарыстарда төрелік етуге мүмкіндік алды

Қазақстандық 5 төреші бокстан халықаралық деңгейдегі жарыстарда төрелік етуге мүмкіндік алды.

  • 25 Наурыз 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

Олар 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы және Әлем чемпионаты сынды жарыстарға төреші ретінде қатыса алады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев мәлім етті.

«Төрешілер корпусын дамытуға күш салғанымыз өте маңызды. Біздің 5 төреші 3 жұлдызға ие болды. Бұл — АИБА-ның төрешілерге беретін ең жоғары дәрежесі, енді олар жоғары деңгейлі халықаралық жарыстарға төрелік ете алады. Соның ішінде Әлем біріншілігі мен 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына да қатыса алады»,-деді Т. Құлыбаев.

Федерация басшылығының атап көрсеткеніндей, қазақстандық төрешілер әлемдік додаларда өздерін өте білікті мамандар ретінде көрсетіп жүр. Бұл — спортшылардың әділ ойын көрсетулеріне, республикалық құрамаға ең лайықты боксшыларымызды іріктеуге, үлкен биіктерден көрінуге жол ашады.

Т. Құлыбаевтың айтуынша, федерация отандық төрешілерге материалдық болсын, әдістемелік жағынан болсын қолдау көрсетуін жалғастыра беретін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера