Қазақстандық 8 оқушы Азия олимпиадасына қатысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 8 оқушы Азия олимпиадасына қатысып жатыр

Қазақстандық 8 оқушы Азия олимпиадасына қатысып жатыр

Қазақстандық 8 оқушы Азия олимпиадасына қатысып жатыр.

  • 26 Мамыр 2022
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) қазақстандық 8 оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр.

Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы — физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Биыл зияткерлік сайыстар 24-31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді. Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар.

«Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.


Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға кіруге және халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар