Енді міне екінші әйел адам да Ресей президенті болудан үмітті екенін айтып отыр.
“Достар, басқа жол жоқ. Мен президенттікке өз кандидатурамды ұсынамын. Қолдаңыздар”, – деп жазды Тараз тумасы Эльвира Агурбаш желідегі парақшасында.
Бизнес саласында еңбектеніп, көпке танылған қазақстандық Эльвира Қалметқызы өзін тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана емес, өзге де азаматтардың қолдайтынына сенімді.