Қазақстандық әйел тісін емдетемін деп көзінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әйел тісін емдетемін деп көзінен айырылды

Қазақстандық әйел тісін емдетемін деп көзінен айырылды

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Біздің бөлмеміз дәл осындай болатын. Қоқыс шашылып, керегелері шытынап жататын. Бұл – кеңес кезінде салынған монша. Жөндеу жұмыстарын өзім жүргіздім. Іші дымқыл болғандықтан, балалар жиі ауырып қалады. Ал жазда жыландар жүреді. Мен күн сайын оның ауыз қуысын ретке келтіріп о?

  • 27 Наурыз 2017
  • 1678
Фото - Caravan.kz

«Біздің бөлмеміз дәл осындай болатын. Қоқыс шашылып, керегелері шытынап жататын. Бұл – кеңес кезінде салынған монша. Жөндеу жұмыстарын өзім жүргіздім. Іші дымқыл болғандықтан, балалар жиі ауырып қалады. Ал жазда жыландар жүреді. Мен күн сайын оның ауыз қуысын ретке келтіріп отырамын. Бірнәрсе дұрыс қойылмай қалса, дене қызуы қатты көтеріліп кетеді. Тамақты өзім жасаймын. Негізінен сұйық тамақ қана әзірлеймін. Артынша дастархан жайып, барлығын тамаққа шақырамын», – дейді Серік Жақаев.

Жарты жыл бұрын Серік Жақаевтың үйі мен көлігі болған. Алайда ол бар мүлкін сатып, қатты науқастанған әйелін емдеткен. Ал отағасы жұмыссыз қалған. Осыдан 8 ай бұрын Замира Жиемұратоваға күрделі ота жасаған. Әйелдің сол жақ көзі мен өзге де мүшелерін алып тастаған. Небәрі бір күннің ішінде дәрігерлер оның бетін адам танымастан етіп өзгертіп жіберген.

«Біздің бармаған жеріміз жоқ. Бірақ ешқайсысының пайдасы болмады. Онколог дәрігер көзімді алып тастайтынын айтты. Әйтпесе, ісігім ары қарай жайылып кететін еді. Мен көзімді алмауын өтініп сұрадым», – дейді Замира ханымның өзі.


Барлығы жай ғана Замираның тісінің ауырғанынан басталған. Бір апта ішінде тіс дәрігері оның 3 тісін жұлған. Уақыт өте келе оның бетінде ісік пайда болған. Көп ұзамай дәрігерлер оның жаман ауруға шалдыққанын хабарлаған. Бастапқыда лазерлік терапия тағайындаған. Бүгінде Замира ескі суреттеріне қарап, бақытты күндерін жылап отырып еске алады. Ал балалар аналарының толықтай айығып кеткенін қалайды.

«Мен өскен кезде дәрігер болып, анамды емдеп жазғым келеді. Анамның жағдайын көріп, жүрегім қатты ауырады. Кейін шамам келгенше біз секілді отбасыларға көмектескім келеді. Мұндайды бұл жалғанда ешкімге тілемес едім», – дейді кейуананың перзенті.

Бүгін Замира ханым төртінші рет химия терапиядан өтті. Алайда оның жағдайы бұрынғысынан бетер нашарлап кеткен. Үй шаруасымен толықтай күйеуі айналысады. Бала тәрбиесі де Серік мырзаның мойнына артылған.