Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек - мәжіліс депутаты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек -  мәжіліс депутаты

Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек - мәжіліс депутаты

Аборт жасататындардың саны жылдан-жылға артып тұр. 

  • 6 Ақпан 2020
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше жылына 30 мың сәби аборт салдарынан дүние есігін ашпай, аборттың құрбаны болып жатыр. 

Аборт жасатуды жолдасынан рұқсат алу отбасылы азаматтарға қатысты. Ал, некесіз бала алдырып тастаймын деген әйелдер өздері біліп тұр. 

"Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек!", — дейді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Магеррам Маггерамов. «Мен осындай ұсыныс жасадым. Мемлекеттік орган тіркеген заңды некеде тұрған әйел түсік жасату мәселесін жолдасымен ақылдаса отырып жасату дегенді ұсындым. Себебі, неке және отбасы туралы заңда неке куәлігін алғаннан кейін, ер мен әйел тең құқық пен жауапкершілікке ие болады делінген. Онда барлық мәселе ортақ шешілу керек деп жазылған. Яғни, денсаулық кодексіндегі заңдар неке туралы заңға қайшы келіп тұр".

Ал, гинеколог Нұржамал Өтемұратова: 


"Аборт жасататындардың үлес салмағы жыл сайын өсіп бара жатыр. Оны мойындау керек. Аборт жасау бірінші болып қабыну, жыныс органдарының қабынуға әкелуі мүмкін, асқыну деген тағы бар. Сол жағы болу мүмкін. Екінішісі ол бедеулікке бедеулікке әкелуі мүмкін. Болашақта ана болуына кедергі болуы мүмкін". 

Аборт жасатудағы статистика жылдан-жылға өршіп тұр.