Қазақстандық актер Санжар Мәди «Алтын Орда» сериалының құпияларын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық актер Санжар Мәди «Алтын Орда» сериалының құпияларын ашты

Қазақстандық актер Санжар Мәди «Алтын Орда» сериалының құпияларын ашты

12 наурыздан бастап Ресейдің "Бірнші арнасында" «Алтын Орда» сериалы көрсетіле бастады.

  • 15 Наурыз 2018
  • 2620
Фото - Caravan.kz

Фильмге Ресейдің танымал актерлерімен қатар қазақстандық танымал актерлер де түскен. Олардың арасында Санжар Мәди, Аружан Жазылбекова, Дәулет Әбдіғапаров бар.

Басты рөл Мөңке Темірді сомдаған актер Санжар Мәди Caravan.kz медиа-порталының сұрақтарына жауап берді.

— «Алтын Орда» сериалына қалай тап болдыңыз?

Кастинг туралы естіген соң ресейлік агенттеріме хабарластым. Сосын бірнеше эпизод жазып жібердім. Менің білуімше Константин Эрнст бірден мені таңдаған. Әрине, алдымен режиссер Тимур Алпатов қарайды, бірақ ақырғы шешімді Эрнст қабылдайды.

— Хан бейнесін сомадаған алғашқы фильміңіз емес. Бұған дейін «Аманат» фильмінде Кенесары ханды ойнадыңыз. Бұрынғы ролдеріңіз Мөңке Темірді сомдауға септігін тигізді ме?

— «Аманаттағы» Кенесары хан бейнесі әрине әсер етті. Кез келген жұмыс жинақталған тәжірибе болып қалады және келесі жұмыста көмегі болады. Әрине, мен «Аманаттағы» белгілі бір қосымшаларын көшіріп алдым деп айта алмаймын. Дегенмен ел басқарған адамның кім екенін түсінуге тырысасың. Мен бұл адамды жан-жақты көрсетуге тырыстым.

 

— Образға ену үшін қандай жұмыс істеуге тура келді?

— Мен Қазақстанның тарихымен бұрыннан әуестенемін, жалпы түркі халықтарының тарихы қызықтырады. Жуырда ғана дүниеден өткен тамаша жазушы Мұрат Аджидің барлық кітаптарын оқыдым.

Фильмде көптеген нәрселерді біріктіруге тырыстым. Дегенмен бұл картина тарихи да емес, деректі фильмге де жатпайды. Бұл ойдан туған көркем дүние. Біз актерлер, продюсерлер мен режиссерлер екі дүниенің тарихын салыстыру арқылы көрсеткіміз келді.

Шын мәнінде Берке хан мен Мөңке Темір өмірде болған адамдар. Олар ойдан құрастырылған образ емес. Ал князь Ярослав жинақ образ. Яғни Невскийдің және басқа да княздердің бір жиынтығы.Алтын Орда дәуірінде Ярослав деген князь болған емес. Александр Невскийдің әкесі князь Ярослав деген болды. Көбісі бұл сол адам деп ойлайды, шын мәнінде олай емес. Алғашында Невский болмақшы еді. Бірақ кейін продюсерлер мұндай тарихи тұлғалармен ойнамауды шешті.Себебі одан кейін түрлі сын, ескертпелер көбейер еді. Сол себепті осындай жинақ образды княз шықты.


— Санжар, сіздің ойыныңызға сын айтқан кезде қалай қабылдайсыз?

— Алғашқы екі сериясы шыққан кезде түні бойы пікірлерді аңдып отырдым. Құдайға шүкір, ешқандай теріс сын болмады. Әрине, алғашында адамды райынан қайтарғым келіп тұратын. Бірақ кейін бәрін бірдей көндіру мүмкін емес екенін түсіндім. Бізді академияда сын алдымен кәсіби мамандар тарапынан болу керек деп үйретті.

— Сериалдағы басқа да қазақ актерлерінің қатысуы еліміздің кинематография саласына оң әсер етуі мүмкін бе?

— Әрине, менен бөлек Аружан Жазылбекова, Дәулет Әбдіғапаров, Еркебұлан Даиров, Алтынай Нөгербек бар. Яғни Қазақстаннан актерлер өте көп. Қазақтар үшін жақсы. Ең қызығы түсіру алаңындағы операторлар мен көмекшілердің де Қазақстанмен қатысы бар. Мысалы Устюгов Екібастұздан. Қазақстаннан актер алу туралы ақыл айтқан сол адам болатын.

— Неліктен дәл сол монғол немесе татар актерлерін алмаған?

— Олар тырысқан. Басында актерлерді Татарстан мен Башқұртстаннан аламыз деген жоспар болған. Көптеген кастингтер өткен. Бурят, Якутия, Қалмақ елінен де іздеген. Бірақ соңында әлде не дұрыс болмады. Әрине жобада ол елдерден актерлер бар, бірақ эпизодтық ролдерде. Ал басты рөлдерді қазақ актерлері сомдайды.

 
 
Ұқсас тақырыптыр: