Қазақстандық альпинистер әлемдік тұғырнаманың жоғарғы сатыларына нық орнықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық альпинистер әлемдік тұғырнаманың жоғарғы сатыларына нық орнықты

Қазақстандық альпинистер әлемдік тұғырнаманың жоғарғы сатыларына нық орнықты

Қазақстанды әлемдік спорттық қауымдастықта альпинистік бағытта таныстыруда өз жетістіктерімізбен мақтана аламыз. Бұл жайында еліміздің атақты альпинисі Денис Урубко бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 15 Маусым 2010
  • 478
Фото - Caravan.kz

Д.Урубко өзінің әріптесі Борис Дедешкомен бірге 2009 жылдың қорытындысы бойынша Францияда альпинизм әлеміндегі ең жоғары марапат — «Алтын мұзжарғыш» жүлдесіне ие болғандығын жеткізді. Бұл сыйлықты олар Гималайдағы Чо-Ойю (8201 метр) шыңын жаңа бағыт бойынша — оңтүстік-шығыс жотасынан бағындырғандары үшін алған.

«Бұл сыйлыққа Қазақстан бірінші рет қол жеткізіп отыр, бұрын бұл марапатты ресейліктер иеленіп келген болатын. Осы жолы американдық, британдық және екі Ресей командаларын артқа қалдырып, үлкен дәрежеге қол жеткіздік. Бұл біздің бұрыннан аңсап келген арманымыз еді», дейді альпинистер.