Қазақстандық альпинистер тәуелсіздік тойы қарсаңында Хан Тәңірін тағы бір бағындырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық альпинистер тәуелсіздік тойы қарсаңында Хан Тәңірін тағы бір бағындырмақ

Қазақстандық альпинистер тәуелсіздік тойы қарсаңында Хан Тәңірін тағы бір бағындырмақ

Тәуелсіздік тойы қарсаңында шыңды бағындырмақ. Қазақстандық альпинистер 20 жылдық мерейтойға орай Хан Тәңіріне шығып, сол жерге көк туды тағы бір мәрте қадамақшы. Бұл шараға “Нұр Отан” партиясы мұрындық болып, шет елдерден де альпинистер қатысуда.

  • 2 Тамыз 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Хан Тәңірі – көк түріктің күмбезі секілді, қазақ баласы үшін қасиетті шың. Қазақстан көлеміндегі ең биік нүкте де осы. 7010 метр. Тау баласы тауға қарап өседі. Сондықтан болар, осы әдемі шыңға шығу талайдың бір арманы. Мұнда шет елдерден де келушілер жетіп артылады. Ал бүгінгі жиынның жөні бөлек. “Хан Тәңірі” халықаралық альпиниадасы тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр.

Қайсар Сағынышұлы, шекарашы:

— Біздің мақсат – нүктеге шығу. Бұл шараны, жаңа атап өткендей, шекара қызметі атынан Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаймыз.

Дегенмен діттеген межеге кез-келгеннің жете алмайтыны тағы бар. Өйткені тауға өрмелеу көпшілік ойлағандай оңай емес. Ауа райына, адамның физикалық дайындығына да байланысты. Осы шыңды бағындыруға биылғы альпиниадаға еліміздің түкпір-түпірінен және көрші он мемлекеттен жүзден астам адам келген.


Құдайберген Талиманбетов, “Солтүстік Инелшек” лагерінің  бастығы:

— Шынын айтқанда, барлығы қызығып осы тауға шыққысы келіп талпынады. Бірақ тау көп адамды жібере бермейді. Ол үшін спорт жағынан көп дайындық керек. Көп тауға шығу керек.

Халықаралық шара барысында кәнігі альпинистерге қосылуға қарапайым жұрт та ниет білдірген. Бірақ олардың бес мың метр битіктікке дейін ғана шығуына рұқсат етілген. Ал ұшар басына өрмелеудің хас шеберлері ғана жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар