Қазақстандық әнші Мария Мудряк Италиядағы халықаралық опера байқауының үш бірдей жүлдесін жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әнші Мария Мудряк Италиядағы халықаралық опера байқауының үш бірдей жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық әнші Мария Мудряк Италиядағы халықаралық опера байқауының үш бірдей жүлдесін жеңіп алды

Дипломы бар әлемнің ең жас әншісі атанған павлодарлық Мария Мудряк Магда Оливера атындағы халықаралық опера байқауының үш бірдей премиясын жеңіп алды, деп хабарлады оның әкесі Александр Мудряк.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 485
Фото - Caravan.kz

Миландағы конкурсқа қатысу үшін әлемнің 19 елінен 150 әнші келген.

Мария Мудряк 19 жасында финалистер қатарына шығып, бірден үш сыйақыны жеңіп алды. Атап айтсақ, байқаудың екінші орнына, Италия ұлттық қауымдастығының «Үздік әйел дауысы» және көрермендер сыйақысына ие болды.

Оған қоса, Италиядағы бірнеше концерттер пен опералық рөлдерді ойнауға шақырту алды.

М.Мудряк Ла Скала театрында «Тоска» операсында Пастушканың рөлін ойнаған әнші. Ол Қазақстанды Италия, Германия, Франция, Швейцария, Испания, Ресей, Польша мемлекеттік концерттерінде таныстырып жүр.


Перейти к новостям спорта