Қазақстандық әнші «TURKVIZYON-2014» байқауын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әнші «TURKVIZYON-2014» байқауын ашады

Қазақстандық әнші «TURKVIZYON-2014» байқауын ашады

Қазақстандық әнші Жанар Доғалова  19-21 қарашада Қазанда өтетін «Turkvizyon-2014» байқауын ашады.

  • 18 Қараша 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Instagram-дағы өз парақшасында белгілі продюсер Динара Адам хабарлады.

 «Жанар Доғалова жартылай финалға жеребеден бір санын суырды. Алғашқы болып сахнаға шығады. Мұнда 25 елден қатысушылар бар. Бірінші шығатынын жақсы ырымға балаймын», — деп жазды Д. Адам.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанар Доғалова қазанның аяғында өткен ұлттық байқау финалында жеңіске жеткен. Халықаралық вокал байқауында   16 елден орындаушы бақ сынасуда.

«Turkvizyon» түрік әлеміндегі «Еуровидениенің» баламасы іспеттес. Байқау аудиториясы 300 млн. астам адамды құрайды.


 «Turkvizyon» алғашқы байқауы өткен жылы түріктің Ескішаһар қаласында өткен.  Оған 24 ел мен өңірлердің өкілдері қатысқан.   Ол жолы Қазақстан атынан шыққан Rin'Go тобы финалда 9-шы орынды иеленген  болатын.

Жанар Доғалова «Астана жұлдызы» ұлттық сыйлығының нұсқасы бойынша 2014 жылғы үздік әнші атанғанын айта кеткен жөн.

Перейти к новостям спорта