Қазақстандық әртістер БҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық концерт өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әртістер БҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық концерт өткізеді

Қазақстандық әртістер БҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық концерт өткізеді

Қазақстандық әртістер мен музыканттар Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық концерт өткізеді, деді жобаның ұйытқысы Меруерт Құрманғалиева.

  • 5 Мамыр 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Батыс Қазақстан облысы биыл адам айтқысыз су тасқынын басынан кешіргенін баршаңыз білесіздер. Құдайға шүкір, адам шығын болмады, бірақ ауыл тұрғындары қолында барынан айрылды. Үкімет өз тарапынан қолдау көрсетуде. Бірақ адамдар бейімделмеген жағдайда өмір сүруде. Олар бірінші кезекте қажет заттарға мұқтаж. Оған қажет қаражатты біз қазақстандық әртістердің қайрымдылық концертінен түседі деп отырмыз», — деді М. Құрманғалиева бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, акция мақсаты – адамдарға бүгін қажет заттар, тұрмыстық техника, тұрмыстық бұйымдар мен аспаптар сатып алуға қажет қаражат жинау.

«Ең алдымен, біз көпбалалы отбасыларға көмектеспекшіміз. Мен Батыс Қазақстан облысын аралағанымда адамдар сүт тағамдарын пайдаланбайтындығын көрдім, себебі тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан оларға осындай техника сатып әперу керек», — деді ол.

«Қайырымдылық көмек дәстүрін қолға алуымыз керек. Басқа елдерде қайырымдылық акциялары қалай жүргізілетінін үйренуіміз керек», — деп оған скрипкашы Марат Бейсенғалиев қолдау көрсетті.

Акцияның ашықтығы үшін оған құрамында танымал өнер және қоғамдық қайраткерлер кіретін қамқоршылар кеңесі құрылды. Сондай-ақ түскен қаражатты толық қадағалап отыру үшін пошталық адресі ашылды.

Қайырымдылық концерт 10-шы мамырда қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында өтеді.

Перейти к новостям спорта